29 нау, 2021 сағат 11:48

Коронавирус: Қазақстанда 122 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакцинация жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

29 наурыздағы ақпарат бойынша, вакцинаның 1-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 122 701 адам. 

Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 31 422 адам.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында елімізге КВИ-ге қарсы 3 млн доза вакцина жеткізілетінін хабарлаған болатын. 

Таяуда қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды.