16 нау, 2021 сағат 08:52

Коронавирус: Қазақстан «сары» аймақта тұр

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-тестің оң нәтижесімен 225 685 адам және теріс нәтижемен 49 817 адам ауырды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда COVID-19 оң нәтижесімен 225 685 адам және КВИ-дің теріс нәтижесімен 49 817 адам ауырды. Науқастардың 92% сауығып кетті, оның ішінде КВИ-дің оң нәтижесімен – 207 371 адам және КВИ-дің теріс нәтижесімен – 45235 адам. Соның ішінде соңғы тәулікте КВИ-дің оң нәтижесінің 954 және теріс нәтижесінің 7 жағдайы тіркелді. Оның 10-ы өлім жағдайымен аяқталды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймақта тұр. 

«Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы еніп отыр. «Сары» аймаққа Ақмола, Атырау, Алматы және Қарағанды облыстары кірген. Ал қалған 10 аймақ «жасыл» аймақта орналасқан», - дейді ол.