Қазақстанда коронавирустың таралауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.
Бірінші ақпандағы жағдай бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облысы бар. Ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.
Қазақстан Республикасы инфекцияның таралуы бойынша "сары" аймақта.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.
Қазір Алматы "жасыл" аймақта тұр. Сондай-ақ, "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа Атырау облысы ауысты. Шығыс Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан "сарыға" көшті.
Айта кетейік, Қазақстанда бір тәулікте 1 259 адам коронавирус жұқтырды, 16 адам пневмонияға шалдықты.