14 қар, 2020 сағат 12:22

Коронавирус: Италияда бір тәулікте 550 адам көз жұмды

Италияның Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі тәулікте 40 902 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары тәуліктік көрсеткіш, деп хабарлайды ANSA агенттігі

Министрліктің мәліметі бойынша, коронавирустан 550 адам көз жұмды. 

Бейсенбі күні 37 978 жұқтыру оқиғасы тіркеліп, 636 адам өмірден өткен болатын. 

Пандемия басталғалы көз жұмғандар саны 44 139 мың адамға жетті. Аурудың белгісі бар 30 000-нан астам адам ауруханада жатыр. 

Сондай-ақ, жұма күні коронавирустың бар-жоғын анықтайтын 254 000 тест алынып, рекордтық көрсеткішке жетті. Оның 16%-ынан инфекция анықталған. 

Жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны, сауығып шыққандар мен мерт болғандарды қосқанда 1 107 3030 адамға жетті.