Егде жастағы адамдарда коронавирус шамамен 30% жағдайда ауыр өтеді, ересек адамдардың 10%-ы тыныс алу аппаратына қосылады. Бұл туралы Н.И. Пирогов атындағы РНИМУ Ресей геронтологиялық ғылыми-клиникалық орталығының директоры, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас гериатры Ольга Ткачева айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Сарапшы пандемияға байланысты оқшаулануға мәжбүр болған қарт адамдардың психикалық жағдайына да назар аударды.
«Оларда әлеуметтік байланыстардың саны азайып, физикалық және танымдық белсенділігі төмендеді. Мұның бәрі қартаю процесін жеделдетеді», – деді Ткачева.
Оның айтуынша, ссыған байланысты егде жастағы адамдарда бұлшықет массасы жоғалып, күші төмендейді (саркопения дамиды), құлап қалу қаупі артады, остеопороз, депрессия дамиды, есте сақтау қабілеті зардап шегеді.
«Бұл синдромды түзету үшін арнайы физикалық белсенділік пен тамақтану қолданылады, ақуыз мөлшері артады. Жастарға біз дене салмағының 1 кг үшін 0,8 гақуызды, ал COVID-19-бен ауыратын қарт адамдарға дене салмағының 1 кг үшін 1,2 - ден 1,5 г-ға дейін ұсынамыз», – деді ол.
Сондай-ақ, ол оқшаулануда болған қарт адамдарға оңалту бағдарламаларын өту қажеттігін ескертті.
«Біз егде жастағы пациенттердің дұрыс тамақтанбауы – мальнутриция синдромына назар аудардық. Бұл жағдайды одан сайын ушықтырады. Мысалы, тез қалыпқа келу үшін ақуыздың көп мөлшері қажет, онда калория мөлшері өте жоғары», деп толықтырды сарапшы.