Денсаулық сақтау министрлігі 18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта қалған.
Ол - Павлодар облысы.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары тұр.
Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.