27 ақп, 2021 сағат 09:18

Коронавирус: Атырау облысы қайта «сары» аймаққа өтті

27 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

Еске салайық, 25 ақпанда Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сарыға» өткен болатын. 26 ақпанда «жасыл» аймаққа қайта кірді.