ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 10 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 9 қаңтарда Атырау облысы ғана «қызыл» аймақта болған еді. Алайда бүгінгі матрица «қызыл» аймаққа Атырау облысының шығып, орнына Ақмола мен Павлодар облысы енгенін көрсетіп тұр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақ пен «сары» аймақтың тура ортасына орналасқан.
«Сары» аймақта Атырау, СҚО, Қостанай, БҚО облыстары мен Алматы қаласы бар.
Қалған өңірдің барлығы - «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілді.