13 қаң, 2021 сағат 10:32

Коронавирус: 94 қазақстандық шетелден анықтамасыз ұшып келді

12 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Корей, Мальдив, БАӘ, Түркия, РФ, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен барлығы 16 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, барлығы 1 764 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 1670 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 94 азамат келген, барлығы да Қазақстан азаматтары. 

Атап айтқанда, 

- Алматы қаласының әуежайына – барлығы 7 рейс қонған, 1 401 жолаушы болған, оның ішінде анықтамамен - 1 350, анықтамасыз - 51; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 322 жолаушы, анықтамамен – 319, анықтамасыз - 3;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 40 жолаушы анықтамасыз келді.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ таратылған ақпаратқа сәйкес, 11 қаңтар күні шетелден коронавирусқа анықтамасыз ұшып елген Қазақстанның 163 азаматының ПТР-тест қорытындысы дайын болған. Олардың ешбірінен коронавирус анықталмады.