25 сәу, 2023 сағат 15:27

Министрлік "Вагнер" қатарына кірген қазақстандық туралы пікір білдірді

сурет видеодан алынған

ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекенов әскерге жарамсыз. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров айтты, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

"Ол Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге жарамсыз болып танылған. Негізгі ақпаратқа тоқталсақ, бұл іспен айналысып жатқан басқа да органдар бар және олар (оның әрекетіне) құқықтық баға береді", - деді Әбубәкіров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекенов Ресейдің «арнайы операциясына» үлес қосуға өз еркімен шешім қабылдағанын мәлімдеп, үндеу жолдаған еді.