Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда резонанс тудырған әскери мектептегі әлімжеттік видеосының Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына қатысы жоқ. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қорғаныс министрлігімен әскери киім киген адамдар тобы арасындағы жарғыдан тыс қатынастар фактісі көрсетілген бейнематериал зерделенді.
Бұл видеодағы іс-әрекеттер Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындарына жатпайтынын хабарлаймыз.
Ведомство 2015 жылы Білім және ғылым министрлігінен Қорғаныс министрлігіне берілген Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы үш республикалық "Жас ұлан" мектебіне жетекшілік етеді" - делінген хабарламада.