Оңтүстік Корея қазақстандықтардан коронавирус анықталса, жедел ақпарат беріледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз алғашқы күннен бастап-ақ Оңтүстік Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу корей орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Осы орталық қазақстандықты ауруханаға жатқызудан және тестіден өткізуден бас тартты. Себебі онда аурудың сыртқы белгілері жоқ. Сондықтан ол тестілеуден өтпейді. Дегенмен, өзі қаласа, онда жеке тәртіппен тестілеуден өте алады», - деді ресми өкіл.
Сонымен қатар, ол Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтар коронавирусқа шалдықса Ауруларды бақылау және алдын алу корей орталығы шұғыл хабар беретіндігін айтты.
«Егер біздің азаматтарымыздың бірінен вирус анықталатын болса, онда аталған орталық Сыртқы істер министрлігі арқылы бізге бірден хабар беретін болады. Әзірше бақытымызға орай біздің қолымызда мұндай мәлімет жоқ», - деді Айбек Смадияров.