16 сәу, 2020 сағат 19:31

Көпбалалы ана отбасы психологиясынан онлайн-сабақтар өткізуде

Сабақ кезінде қатысушылар отбасымен бірлесіп орындауы қажет тапсырмалар беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тренер ретінде 30 онлайн сабақ өткіздім. Бұл сабақтарға күніне 10 мыңнан астам адам қатысты. Жақсы пікірлер өте көп», – дейді Қ.Ошақбаева.

Сабақтарда түрлі тапсырмалар, психологиялық техникалардың қазақи танымға сай аудармалары қамтылған.

«Қазіргі қиын жағдай – бір-бірімізді бірлікке, тәртіпке шақыратын кез. Отбасымен бірге болатын, ата-аналар үшін бала тәрбиесімен айналысатын уақыт. Осы тұрғыдан мен де өзгелерге пайдамды тигізгім келді», – дейді көпбалалы ана Құралай Ошақбаева.