Фото: видеодан алынған кадр/YouTube
Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелген.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Осы қылмысты жасады деген күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр" - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын.
Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте қайтыс болғаны белгілі болды.