Қаңтар трагедиясынан кейін ауқаттылар мен қарапайым аддарға салықты саралап салу мәселесі қажет деп ойламайсыздар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде жалпыға бірдей мүлік декларациясы кезең-кезеңмен енгізіліп жатыр. Яғни, салық салу үрдісі біртіндеп заңды тұлғалардың табысынан жеке тұлғалардың табысына қарай ойысады. Өйткені заңды тұлғалардың түпкі бенефицарлары, түпкі иелері байып жатыр. Солардың табысына салық салынуы керек. Жалпыға бірдей декларациялау енгізіліп біткеннен кейін ашыққа шыққан табыстардың бәріне салық салына бастайды. Сол кезде ғана сараланған салық туралы ойлануға болады», - деді комитет өкілі.
Оның пайымынша, сараланған салық салу үшін әуелі ондай салықа төлеуге қабілеттілердің тізімі белгіленуі керек.
«Бүгінде біз байлық салығына қандай мүлік жатқызылуы керек екенін нақты анықтаған жоқпыз. Декларацияда көрініс тапқанша оның білу мүмкін емес. Бұл мәселеге біз мүліктер туралы мәліметтің бәрін алғаннан кейін, өте салмақты түрде келуіміз керек.
Жалпыға бірдей декларациялауды 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Сонда кейін салық салынатын базаны талдауға кірісеміз. Сараланған салық салу тәсілдері туралысол кезде ойлануға болады», - деді Қайрат Миятов.