Фото: ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі
Алматыда құтқарушылар еттартқыштан ер адамның қолын алып шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
42 жастағы ер адам котлет шығаратын цехта жұмыс істеген. Ол еттартқышқа ет салып жатқанда қолы қысылып қалған. Аппарат үздіксіз жұмыс істегендіктен, ер адам қолын тартып үлгере алмаған.
"2023 жылдың 26 қаңтарында құтқарушылардың кезекші бөліміне осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 7 құтқарушы бар жедел топ дереу жолға шықты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамның қолын еттартқыштан шығаруға кірісті. Психолог-құтқарушы психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне жіберілді", - делінген хабарламада.