25 там, 2024 сағат 13:21

Көлік тізгінінде отырып телефон қолданғандарға қандай жаза қарастырылған – Министрлік жауап берді


Елімізде көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ережеге бағынбаған жүргізуші 18 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасаған "Ұлт ақпарат".

Мұндай жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса салынатын салым мөлшері 40 мыңға жуықтайды. Дегенмен рөлде отырған азаматқа құлаққап киюге тыйым салынбайды.  

Ішкі істер министрлігі жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншінің де жаза арқалайтынын ескерткен. Енді жолды кез келген жерден қиып өткендер жеті мың теңгеден  37 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Ал ережені тағы бұзса, сома екі есеге өседі немесе үш тәулікке қамауға алынады. 

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі елімізде көпқабатты үйдің ауласында көлік жууға және жөндеуге болмайтынын ескерткен еді.