Қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер қажет. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жұмысымыз барысында қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер қажет ететінін де түсіндік. Сол себепті алдағы аптада Парламент депутаттарымен де кездесуді жоспарлап отырмыз. Яғни, біз жекелеген адамдарды қорғап, оларға қолданылған басты бұлтартау шарасын өзгерту жұмыстарынан жүйелі жұмыстарға көшу бағытына ыңғайланып отырмыз», - деді Абзал Құспан БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, комиссия мүшелері кеше Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен кездесу барысында заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын жеткізген.
«Ол өз тарапынан қарастырып жатыр. Бұл жұмысты Парламент депутаттарымен талқылауға ұсынды. Алдағы аптада осы жұмыстарды атқармақпыз. Комиссияның жұмысы мұнымен аяқталды дегенді білдірмейді. Әлі де атқаратын жұмыс көп. Көптеген сараптамалық материалдар дайындадық. Бас прокуратура мен Президент әкімшілігіне жолдадық. Осы бағытта жұмысымызды жалғастыра береміз», - деді комиссия төрағасы.