Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшісі қызметіне, Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі қызметіне тағайындалды.