25 ақп, 2020 сағат 10:18

Қоғамдық кеңес құрамын бекіту құқығы жергілікті өкілетті органдарға берілмек

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин «Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелерін таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қоғамдық кеңестер консультативтік-кеңесші орган саналатындығын және өз қызметін тәуелсіз ұстаным негізінде жүзеге асыратындығын назарға ала отырып, қоғамдық кеңестерді құрамын құру жергілікті өкілетті атқарушы органдарға, ал қоғамдық кеңестердің құрамын бекіту жергілікті органдарға беру ұсынылды», - деді деді вице-министр «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында.

Оның атап өтуінше, заң жобасына сәйкес, мәслихат әкімдік ұсынған қатысушылар құрамын қабылдауға немесе қабылдамауға құқығы бар.

«Заң жобасында кеңестер қызметінің кейбір аспектілерін қаржыландыру туралы шешім де ұсынылады. Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық бастамамен қызмет атқарады. Қоғамдық кеңес қызметіне төлем жасау мәселесі шешілген. Бұған қоса, қазіргі уақытта қолданыстағы лауазымдар тізіліміне қоғамдық кеңес хатшысы лауазымын енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кеңсе тауарларын сатып алуға, жергілікті деңгейде қоғамдық бақылау жүргізу үшін кәсіби сарапшылар қызметіне төлем жасауға және өңір ішіндегі іс-сапарлар шығындарына қаражат қарастырылған», - деді Данияр Есин.