15 ақп, 2022 сағат 12:27

Қоғам бізден шынайы және пәрменді шаралар күтіп отыр – Әлихан Смайылов


Біздің басты міндетіміз – халықтың табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі жағдайда біз жұдырықтай жұмылып, нақты нәтиже көрсетуіміз қажет. Қоғам бізден шынайы және пәрменді шаралар күтіп отыр. Алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел және тиімді орындауымыз қажет. Біздің басты міндетіміз – халықтың табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту», - деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы бәсекеге қабілетті және әртараптандырылған экономиканы дамытуға күш салу қажеттігін баса айтты. 

«Әрбір министр мен әкім қабылданатын шаралардың сапасы мен жеделдігі үшін жеке жауапты болады», - деген Премьер-Министр орынбасарларына өздері жетекшілік ететін салалары және мемлекеттік органдар бойынша нақты үйлестіру мен бақылауды қолға алуды тапсырды.