Бейсенбі күні Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі снаряд ұшырды, болжам бойынша олар қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандар. Бұл туралы Оңтүстік Корея әскерилеріне сілтеме жасап, Kуоdo агенттігі жазады, деп жазады ҚазАқпарат.
Ақпаратқа сәйкес, зымырандар Солтүстік Кореяның шығысындағы Хамхун ауданынан таңғы 8:00-де, арасына бес минут салып ұшырылды. Олар шамамен 190 шақырым ұшып, 20 шақырымдай биіктікке жеткен.
Жапон үкіметінің хабарлауынша, снарядтар Жапонияның ерекше экономикалық аймағы аумағына жетпей, теңізге түсті деген болжам бар. Снарядтардан зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ.
Ұшыру деректері расталса, бұл жыл басынан бері алтыншы ұшыру болады.
Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида 27 қаңтар күні Токиода журналистерге берген сұхбатында ел Үкімеі зымырандардың соңғы ұшырылымына қатысты ақпарат дайындап жатқанын мәлім етті.