Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Корей соғысының (1950-1953) аяқталғанына 69 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде елдің АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Корея әскері КХДР-ға шабуыл жасаса, әскердің "көзін жоятынын" айтты.
"Егер Оңтүстік Корея режимі мен әскери содырлары бізбен әскери қақтығыс жасау туралы ойласа және әскери күшіміздің бір бөлігін алдын ала белгілі бір құралдар мен әдістер арқылы бейтараптандыруға немесе жоя алатынына сенсе, олар қателеседі", - деді Ким Чен Ын.