Кәсіпкер Батыр Сейкенов әлеуметтік желідегі парақшасында бейбіт митингіге шығатынын айтып, үндеу жасады. Ол кәсіпкерлер мен қарапайым халық киіктің көбейіп кетуінен зардап шегіп отырғанын айтып, мәселе көтерген.
Оның пікірінше елде киік санын реттеуге қатысты билік тарапынан ешқандай әрекеттер жасалынып жатқан жоқ, сондықтан ол бейбіт митингіге шықпақ.
"Құрметті отандастар, жерлестер, кәсіпкерлер, егінмен айналысатын, шаруақожалықпен айналысатын жігіттер! Білесіздер бәріңіз, үш -төрт жыл болды киіктің саны қатты көбейіп кетті. Себебі біздің Үкімет оның санын реттеуге ешқандай әрекет жасап жатқан жоқ. Иә, былтыр реттеді айқай-шудан. Бүгін осы киіктен зардап шеккен сіздерсіздер. Осы себеппен мен өз атымнан Астана қаласының әкіміне арыз жаздым. Тамыздың 10-не бейбіт шеруге... Естеріңізде ғой, су тасқыны кезінде біздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев уәде берген. Зардап шеккен бизнестерге, кәсіпкерлерге субсидия береміз, көмектесеміз, жәрдемдесеміз деп. Бірақ, бүгінге дейін ол бұйрық орындалмаған. Министрлер тіке айтады, ақша жоқ, механизм жоқ деп. Президент айтқан сөзін олар істемей отыр. Халықтан тығылып жүр, бизнестен тығылып жүр.
Бейбіт шеруде көтерілетіін екінші мәселе, киіктен зардап шеккен - ауылда тұратын қарапайым халық. Оларды киіктің шіріген мүйізін алғаны үшін соттап жібереді. Соларға амнистия қажет. Мойнына ілген айыппұлды кешіру қажет.
Тағы бір мәселе - асық мәселесі. Асыққа рұқсат беру керек. Қарапайым ауылда тұратын халыққа мүйіз жинауға рұқсат беру керек", -дейді Батыр Сейкенов.