Еліміздің бірнеше қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандастарға қызмет көрсететін бөлімдер ашылып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министр Бағдат Мусиннің желідегі парақшасына сілтеме жасап.
"Бүгін Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, отанымызға оралған қандастарымыз үшін жасалған қызмет көрсету бөлмесінің қалай жұмыс істейтінін көрдім.
Қандастарымыз үшін мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде ЖСН мен тұруға ықтиярхат алуға, «қандас» мәртебесін беруге, жеке куәлік және тағы басқа қызметтерді жылдам алуға арналған арнайы жеке терезелер іске қосылғанын атап өтемін. Бұл терезелер барлық қызметтерді қас-қағым сәтте, жедел алуға мүмкіндік береді.
Әзірге бұл қызмет - Астана, Алматы, Орал, Ақтөбе қалаларында қолжетімді, бірақ жақын арада еліміздің басқа өңірлерінде де іске асыруды жоспарлап отырмыз" - деп жазды ол Facebook парақшасында.