18 қаз, 2022 сағат 17:57

Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған

© Photo : CC0 / Steve Bidmead

Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған қызды Қарағандыда ұстады. Жас қыз Қазақстан аумағында бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құрықтаған.

Тамыз айында елорда базарының аумағында сатып алушының сөмкесінен 930 мың теңге ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық алдында ол жеке қажеттіліктері үшін несие алған.

Күдікті айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында ұсталған азаматшаның елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ұры қамауға алынды.