15 қар, 2022 сағат 12:48

Хаменова сот залынан босап шықты - видео

Фото: ATPress.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот залынан босап шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ATPress.kz басылымына сілтеме жасап. 

15 қарашада Атырау қалалық 2 сотында судья Жұмағали Ташимов облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке және мердігер мекеме өкілі Адамовтың ісіне қатысты сот үкімін оқыды.  

Сотталушы Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, дегенмен оның кәмелет жасқан толмаған 2 баласының болуына байланысты ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігін қолданумен жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.  

Ал сотталушы Рысқалиевке 7 жыл, Адамовқа 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  


Сондай-ақ, сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.  

Одан бөлек, Қазақстан Республикасының Президентіне Хаменованы «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Осылайша Хаменова сот залынан босады. Ол үкім заңды күшіне енген жағдайда 3 жылдан соң тағайындалған жазасын өтейтін болады. Оның тергеу изоляторында өткен 1 күні, 1,5 күн болып есептеледі. Ал Рысқалиев пен Адамовтың үйқамақтағы мерзімінің 2 күні 1 күнге теңестірілмек.

видео: ATPress.kz