Қазақстанның кейбір өңіріндегі респонденттердің пікірінше жемқорлықсыз мәселе шешіле бермейді. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз респонденттерді сауалнамаға қатыстыра отырып, олардың өз өңіріндегі сыбайлас жемқорлық жағдайын қалай қабылдайтынын да сұрап көрдік. Олар өзінің тұрғылықты жерінде жемқорлықтың азайғанын немесе артқанын қалай бағалайтынын сұрадық. Халық ішінде жемқорлықтың ауқымы артып бара жатыр дейтіндер көп. Тек бес облыстың респонденттері жемқорлық деңгейі мен ол туралы әңгіме шеттен тыс көп айтылып кеткенін жеткізді», - деп атап өтті Ольга Шиян.
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, қалған облыстардағы респонденттер жемқорлықтың барын айтып, бірақ оған иек артса өз мәселесін шешуге болатынын білдірген.
«Яғни, жемқорлықсыз бірде-бір мәселе шешілмейді деген пайым-пікірдегі өңірлер де бар», - дейді сарапшы.
Сарапшы орташа көрсеткіш шығарылған кезде бүкіл елде сондай түсінік қалыптасқандай тенденция байқалатынын айтады. Алайда аймақтарды бөліп қарағанда халықтың пайым-пікірі әртүрлі.