16 нау, 2022 сағат 16:56

Халықтың күш-жігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз – Тоқаев


Қазақстанда әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Диалог пен мәміленің жоғары мәдениеті еліміздегі азаматтық ынтымақты арттыратын басты фактордың біріне айналады. Біз надандық пен ескілікке, радикализм мен масылдыққа, тоғышарлыққа және сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде қарсы тұрамыз. Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге деген сенімді орнықтырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өз сөзінде Президент халықтың күш-жігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына арқа сүйейтінін айтты. 

«Әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Біз осылайша ғана халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз. Осылайша ғана өмірдің барлық саласын өзгертіп, реформалар дәуірін өз қолымызбен жасаймыз. Кез келген сын-қатерді бірге еңсеріп, Қазақстанымыздың қуатын бірге арттырамыз деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.