31 шіл, 2024 сағат 16:01

Кейінгі даулардан кейін Азамат Сатыбалды «Қазафильмдегі» қызметінен кетті

Фото: Orda.kz

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды қызметінен кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

"30 шілдеден бері Қытайдамын, мұнда халықаралық жобаға қатысамын. «Қазақфильммен» келісімім аяқталды, оны ұзартуды жөн көрмедім. Қазақ актерін бірінші рет осындай деңгейдегі халықаралық жобаға шақырып отыр. Бұл менің актерлік карьерамдағы ірі қадам, қазақ өнерін халықаралық аренаға таныстыру мүмкіндігіне ие болдым. Түсірілімдер бірнеше ай бойы Қытайда да, Қазақстанда да өтеді", – дейді Азамат Сатыбалды.


Айта кетейік, жақында "Қазақфильм" алдында "Қазақ анимация" шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді. Өйткені мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.
Экс-президент бұған дейін қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтін айтқан еді.