Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннен Алматыдағы көпқабатты үйлер тағы жерасты дүмпулері болған жағдайда қаншалықты төзімді болатыны туралы пікір беру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Сенат кулуарында журналистер вице-министрге кейбір сарапшылардың Алматыдағы жаңа ғимараттар тіпті аз балдық жерасты дүмпулеріне де төтеп бере алмайтыны туралы мәліметті келтірді.
"Кеше төтеп берді ғой! Шаралар күшейтіледі, жедел ден қою, тексеру бойынша, қатаңдатудың басқа нормативтері бойынша қабылданып жатыр, депутаттар барлығын қолдайды. Кеше бес балл болды, 4-тен 5 баллға дейін болды, қазір үйлер қалыпты", - деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол алматылықтардың үйі жер сілкінісі кезінде бүлінсе, кім жауапты болатынына жауап берді.
"Жобаларда сейсмикалық күшейту бар, ол ескерілді. Мұндай үйлер салынып жатыр, бірақ біз құрылысшыларды қадағалауды күшейтеміз. Жобаның сапасы үшін негізгі жауапкершілік жобалаушыға жүктеледі. Құрылыстың сапасы сапалы жобаға байланысты. Ол дұрыс жобаланған болуы керек. Екіншіден, мұндай оқиғаларға белгілі бір нысандарға сараптама жүргізген сарапшылар жауапты. Үшіншіден, құрылысшылар жауапкершілікте болуы керек. Сондықтан құрылысшыларымыз ғимарат салған кезде жобаны берік ұстанып, дұрыс әрі сапалы құрылыспен айналысуы керек", - деді вице-министр.
Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді.