Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. әл-Фараби Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Сонымен қатар, Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын аяқтаған.
Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС корреспонденті болып бастаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС-де, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2016-2017 жылдары - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.
2019-2020 жылдары - "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы.
2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.
859 рет оқылды