24 ақп, 2022 сағат 15:45

Қазір Ресейден көлік сатып алу тиімді ме – сарапшылар пікірі


«Астана моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев Алматыда өткен брифнгте рубльдің құлдырауы жағдайында Ресейден көлік сатып алу тиімді ме? деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір теңге бағамын бақылап отырмын. Менің ойымша, 2015 жылы жіберілген қателіктер қайталанбайтын шығар. 2015 жылы рубль құнсызданып, теңге нығайды, сәйкесінше, осының аясында көлікті Ресейге барып, сатып алу тиімді болды. Қазір рубль құнсызданып, онымен бірге теңге де құлдырап жатқанын көріп отырмыз. Тиісінше, егер арақатынас 5-тен 6-ға дейін болса, онда Ресейге барудың қажеті жоқ. Егер одан төмен болса, әрине, қаражат Ресей Федерациясына кетеді», - деді бас директор Бекнұр Несіпбаев. 

Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының стратегиялық даму жөніндегі директоры Қайрат Еламанов 2015 жылы теңгені ұстап тұру кезінде көлікпен айналысатын компания 30% кірісін жоғалтты. 

«Ел Үкіметі бұл жолы мұндай қателік жібермейді деп сенемін», - деді спикер. 

Айта кетейік, 24 ақпанда Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі аясында рубль бағамы күрт төмендеп кетті.