14 нау, 2022 сағат 15:20

"Қазақтелеком" басшысынан куәгер ретінде жауап алынды - Антикор


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелеком" АҚ-тың бірінші басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол (Қуанышбек Есекеев - еск.) қазіргі басшы, ол әзірше іс бойынша қаралып жатқан жоқ. Одан куәгер ретінде жауап алынды", - деді Бектенов Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-қа қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.