Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардан кешірім сұрап, telegram-арнасында видео жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол кейбір хайп қуған блогерлер сөзін бұрмалап, ортаға от салғанын айтты.
"Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! Менің айтпаған сөзімді айтты деп, айтқан сөзімді бұрмалап жібергендерге қатты ренжідім. Маған Қазақстан, қазақ халқы бөтен емес. Менің қазақилық деңгейім кейбіреулерге қарағанда жоғары. Әкем Қазақстанда дүниеге келген. Атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан жоқпын. Айтылған сөздерім саясатқа қатысты", - деді Рамзан Қадыров.