QazCovid-in вакцинасына шетелден сұраныс бар ма? Бұл сұраққа медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссияның мүшесі Жанат Сатыбалдиева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта QazCovid-in вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Менің білуімше, әзірге отандық вакцинаны шетелге шығару мәселесі қаралып жатқан жоқ. Себебі ең бірінші кезекте бұл вакцина Қазақстан халқының пайдасына жарауы керек. Өндірушінің өндіріс қуатын әлбетте, ұлғайту керек. Ең алдымен отандық вакцина халыққа салынады. Білуімше, шетелден отандық вакцинаны сатып алу туралы өтінім келмеген», - деді Жанат Сатыбалдиева орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек QazCovid-in вакцинасы болжам бойынша осы жылдың наурыз айынан бастап салынады.