11 нау, 2020 сағат 15:28

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Божокқа сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды.

«Тараптар кездесу барысында қазақстандық-украиналық қатынастардың қазіргі жағдайы мен оны одан арғы даму келешектерін талқылады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы нәтижелі өзара іс-қимылға екіжақты қызығушылық атап өтілді», делінген хабарламада.