Сурет: Astana.tv
Қазақстанның төрт қаласында 2 шілдеде түн ортасынан бастап күшіне енген лаңкестік қауіптің "сары" деңгейі алып тасталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Терроризмге қарсы штабқа сілтеме жасап.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың ақпаратынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы "терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13 және 15-баптары негізінде Астанада 4 шілдеде сағат 23:59-дан бастап терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылдады.
"4 шілдеде 23:59-дан бастап Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қаласында бір уақытта лаңкестік қауіптің қалыпты ("сары") деңгейі жойылды. Қауіпсіздік күштері бөлімшелері қалыпты жұмыс режиміне оралуда", - делінген хабарламада.