Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадр саясатына және қысқы маусымға дайындыққа қатысты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Соған орай, Қазақстан 2021 жылы өз аумағында әскери халықаралық ойындардың (АрМИ) үш конкурсын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы полковник Олжас Хусаинов.
Қазақстан келесі жылы Халықаралық армия ойындарын ұйымдастыруға дайын екенін Қорғаныс министрлігі ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтың ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесуінің қорытындысы бойынша хабарлады.
"Биыл санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық әскерилер "АрМИ-2020"байқауына толыққанды қатыса алмады. Дегенмен, ведомствода қазақстандық тарап Халықаралық Армия ойындарына одан әрі қатысуға мүдделі екенін, сондай-ақ 2021 жылы оларды ұйымдастырушы ел ретінде әрекет етуге дайын екенін атап өтті", - делінген хабарламада.
2015 жылдан бастап жыл сайын өтетін Армия халықаралық ойындары бірнеше мемлекеттердің аумағында өткізіледі. 2020 жылғы соңғы жарыстар бес мемлекеттің аумағында өтті.
Жарыстар "Танк биатлоны", "Авиадартс", "Суворов шабуылы" (жаяу әскердің броньды машиналарының жарысы), Теңіз кубогы, "әскери барлау үздіктері", "дала асханасы" және т.б. барлық әскери салалар қатысатын конкурстардан тұрады.
"Қазақстан бірнеше жыл бойы Халықаралық Армия ойындарына белсене қатысып келеді. Бізде ойындар аясында бөлек конкурстар өткізіледі. 2020 жылдың желтоқсанында 2021 жылғы Ойындарды өткізу бойынша кезекті жоспарлау конференциясы өтеді. Биыл біз пандемияға байланысты өз аумағымызда жарыстар өткізе алмадық. Келесі жылы өз аумағымызда үш байқау өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Хусаинов.
Бұл бірлескен оқу-жаттығулар, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы бойынша іс-шаралар болады.
Оның айырықша ерекшелігі – екі елдің қорғаныс ведомстволарының басшылары арасында халықаралық ынтымақтастыққа жетекшілік ететін қорғаныс министрлерінің орынбасарлары деңгейінде консультациялар тетігі белгіленген. Ол жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері Нұрлан Ермекбаев пен Сергей Шойгу екі ел арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шартқа қол қойған болатын.
Одан кейін 26 қазанда Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акар Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесу өткізді. Күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, кадрлар даярлау, әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, оқу-жаттығуларға қатысу мәселелерді талқылады.