Сурет: Конституциялық Сот
Қазақстанның Конституциясы алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Конституциялық Сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Конституциялық Сот алғаш рет Брайль шрифтімен мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясының тұсаукесерін өткізді.
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Қазақстанның Ата заңының мәтінін көру қабілеті нашар немесе зағип азаматтар үшін Брайль шрифтіне (бедерлі-нүктелі тактильді шрифт) аудару жобасын ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрді», - делінген хабарламада.