21 қаң, 2022 сағат 15:02

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры барлық міндеттемелерін орындауға дайын


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры барлық қабылданған міндеттемелерін орындауға дайын. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры барлық қабылданған міндеттемелерін орындауға дайын. Осы мақсаттар үшін арнайы резерв құрылды, ол бүгінгі күні шамамен 850 млрд теңге болды», деді ол Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуінде.

Оның атап өтуінше, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық тұрақтылыққа бірлесіп көмек көрсету шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің операциялық қызметінің үздіксіздігін, олардың активтерінің сақталуын және капиталдың жеткіліктілігін бақылауды қамтамасыз етуге дайын.

«Қажет болған жағдайда Ұлттық Банк нарықтық жағдайларда банк секторының өтімділігін қолдайды», деді Ерболат Досаев.