Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Премьер-пинистрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған.
1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2004-2014 жылдары ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2013 жылы ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2014 жылы - ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары.
2014-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.
2017 жылы - ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.
2017-2020 жылдары - ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.
2020 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
758 рет оқылды