28 жел, 2020 сағат 07:42

Ауа райы: Қазақстанның 6 өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін, 28 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады. оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Көкшетауда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

 Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Шымкентте кей уақытта тұман болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады.

Оралда тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады.

Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Петропавлда жаяу бұрқасын болып, Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. 28-30 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз 28 желтоқсанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Таразда 28-30 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.