27 нау, 2021 сағат 11:08

Қазақстанның 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 27 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр.

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.