20 қаң, 2024 сағат 12:57

Қазақстанның 3 облысында жол жабылды

фото: Panorama.am: Depositphotos

20 қаңтар, сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

"Атап айтқанда, Жамбыл облысында 1 учаске: "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) - 79 шақырым. Жетісу облысында 1 учаске: "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында 2 учаске: "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" 4-104 шақырым, Орал қаласы - РФ шекарасы – 100 шақырым. "Самара-Шымкент" 195-246 шақырым, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 шақырым", - делінген хабарламада.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.