18 қаз, 2022 сағат 12:45

Қазақстанға күн сайын қанша ресейлік келеді?

© AFP 2022 / STRINGER

Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтарының саны азайды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір бұрынғы қалыпқа оралдық. Ресейден келіп жатқан азаматтар саны елден шығып жатқаннан аз. Ресейден тәулігіне 8-9 мың азамат келсе, 10-11 мыңы шығып жатыр", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында.

Айтуынша, арасында депортацияланғандар да бар. Бірақ министр олардың нақты санын айтпады.

"Тек ресейліктер ғана емес, көші-қон заңын бұзған азаматтардың бәрі сот арқылы мемлекеттік шекарадан шығарылады", - деді ІІМ басшысы.