28 қаң, 2022 сағат 11:22

Қазақстандықтарға жыл басынан 2 883 млрд теңге зейнетақы төлемі жасалды


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2 883 млрд теңгеге зейнетақы төлемін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БЖЗҚ мәліметінше, салымшылардың шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 13 070 миллиард теңгені құрайды.

оның ішінде:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 12 707 млрд теңге;

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 361 млрд теңге;

- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 1,7 млрд теңге.

Жеке зейнетақы шоттарының саны – 11 678 мың бірлік.

оның ішінде есепке алу бойынша:

- МЗЖ – 10 871 мың бірлік;

- МКЗЖ – 547 мың бірлік;

- ЕЗЖ – 61,6 мың бірлік;

Жыл басынан бері зейнетақы төлемдері – 2 883 млрд теңгені құрады.

оның ішінде:

- кесте бойынша – 101,4 млрд теңге; 

- ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 41,3 млрд теңге;

- мұрагерлерге және жерлеуге – 63 млрд теңге;

- сақтандыру компанияларына аудару – 60,5 млрд теңге;

- тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 2 491 млрд теңге;

- емдеу ақысын төлеуге – 123,3 млрд теңге.