© Sputnik / Владислав Воднев
«Air Astana» әуекомпаниясы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша арнайы рейс орындайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 қазанда «Эйр Астана» әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр.
Алматы қаласынан ұшу сағат 8:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.
«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан рейстің қону және ұшу уақытының бекітілуі күтіліп отыр» - делінген хабарламада.
Барлық сұрақ бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).