Фото: pixabay.com
Енді ҚР азаматтары eGov.kz порталындағы көрсетілетін қызметтің көмегімен банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлады.
Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады.
Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет.
Қызметті алу үшін:
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушы:
- "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметін таңдаңыз;- - eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Кеден және салықтар" бөліміне өтіңіз;
- - тізімнен "Экономика және қаржы" бөлімін таңдап, "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметін таңдаңыз;
- - қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
- - көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
- - "Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?" деген сұраққа "Иә" деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.
Сервис жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын бекітуді көздейтін заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде іске асырылғанын атап өтеміз. Сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жұмысының аясында қолжетімді болды.