Фото: Сыртқы істер министрлігі
Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Бүгін 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде - 124 ҚР азаматы және 42 шетелдік азамат. Ұшақ бүгін кешке Алматы қаласына келеді деп күтіліп отыр», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін таңғы 8:00-де Air Astana ұшағы Израильдегі қазақстандықтарды елге қайтару үшін Тель-Авив қаласына аттанған еді.